Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1554 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N
1554 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы туралы" 1998 жылғы 23 ақпандағы № 127 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын органдардың қызметкерлері еңбекақысының бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 3436 Жарлығының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери қызметшілердің, Мемлекеттік тергеу комитетінің органдары, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, әскери және арнайы атақтары жоқ жекелеген санаттағы адамдардың лауазымдық жалақыларын белгілеу туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1554 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1998 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1343 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1997 жылғы 12 қарашадағы

№ 1554 қаулысына

1-1-қосымша

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орталық

аппаратының қызметкерлері жекелеген санаттарының

жаңадан енгізілген лауазымдар бойынша

Лауазымдық жалақылары

   _____________________________________________________________________
  |      Лауазым                              | Айлық лауазымдық жалақы |
  |                                           |      (теңгемен)         |
  |___________________________________________|_________________________|
  |Бас әскери инспекциясының бастығы          |       13400             |
  |Генерал-инспектор                          |       13200             |
  |Қорғаныс министрі аппаратының бастығы      |       12600             |
  |Орталық командалық пункттің бастығы        |       12000             |
  |Орталық командалық пункт бастығының        |       11000             |
  |орынбасары                                 |                         |
  |Жедел кезекшілер орталығының бастығы       |       10000             |
  |Орталық командалық пункттің жедел          |       7800              |
  |кезекшісі                                  |                         |
  |Орталық командалық пункт жедел             |       7200              |
  |кезекшісінің көмекшісі                     |                         |
  |Аға инспектор-ұшқыш                        |       5900              |
  |                                           |       ____              |
  |                                           |       7200              |
  |___________________________________________|_________________________|
 

Ескерту. Бөлгіштегі лауазымдық жалақы - ұшу құрамы үшін белгіленген ұшу мөлшерін орындау шартымен ұшу жалақысы.




Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку