Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2122
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2122
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 1-бабына сәйкес ұйымдасқан қылмыс нысандарына қарсы күрестi күшейту, құқық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмысты қол сұғудан қорғау мақсатында қаулы етемiн:
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
I. Қазақ ССР Жоғары Советi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексiнде:
1. Кодекс мынадай мазмұндағы 31-3 баппен толықтырылсын:
"31-3-бап. Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан, әкiмшiлiк құқықты бұзған ауруларға медициналық сипаттағы ерiксiз шараларды қолдану
Құнықпа алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерiктi түрде емделуден жалтаратын адам басқа азаматтардың құқығын немесе қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк iс-әрекет жасаған жағдайда сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде ерiксiз емделудi тағайындай алады.
Емделiп жүрген адам жатқан емдеу мекемесi ерiксiз емделудi тоқтатады".
2. 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"167-бап. Шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар
Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңдарымен тыйым салынған шет ел валютасымен, сондай-ақ шет ел валютасымен бағаланатын құнды қағаздармен немесе төлем құжаттарымен операциялар жасау, заңсыз операция затының құны ең төменгi бiр мың жалақының мөлшерiнен аспайтын болса, -
валюта мен төлем құжаттары тәргiленiп, ең төменгi жалақының он мәрте мөлшерiне дейiнгi сомада айыппұл салуға әкеп соғады.
3. 188-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа