Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1365 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1365 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жолдағы 3-баған «уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және
тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет
лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:
«Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі» деген І бөлімі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
«25. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.»;
«Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі» деген ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.»;
«Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі» деген ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.».
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу