Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 маусым № 865

"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамының
жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2001 жылғы 26 маусым № 865

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) оның жарғылық капиталын бара-бар ұлғайта отырып, "Мұнаймаш" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) мүлкінің (активтерінің) құрамына беруді қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

1) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы № 410 қаулысына:

     көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Мұнаймаш" ААҚ                                    90%";

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөлімінде реттік нөмірі 237-жол алынып тасталсын".

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
  
         
                  
                    
     
     

Укажите название закладки

Создать новую папку