Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің «Сардар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 маусымдағы № 818 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің «Сардар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 маусымдағы № 818 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің «Сардар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» ашық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1255 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бөлімшелерінің энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қызметін, сондай-ақ жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнаулы оқыту курсы) жүзеге асыру болып айқындалсын;

2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне берсін;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-11-жолмен толықтырылсын: «21-11. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы; ААҚ»;

3) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету мен пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 240-жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне 240. «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» ААҚ».

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

,

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции