Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 786 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 786 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне:

6-тармақта:

үшінші абзац «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздерден кейін», Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші абзац «МӨҚ-ке» деген сөздің алдынан «ай сайын» деген сөздермен толықтырылсын;

12-тармақта:

бесінші абзацта «өрттің қауіпті факторларының» деген сөздер «жанудың» деген сөзбен ауыстырылсын;

жетінші абзац «жануы» деген сөзден кейін», егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе,»деген сөздермен толықтырылып, «есеп жүргізуге жатпайды» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 
 
         
                  ,
                       

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку