Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр № 744
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405
және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр № 744
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Жамбыл облысы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 545-3, 545-4, 545-5, 545-6, 545-7, 545-8-жолдармен толықтырылсын:
"545-3 ЖМБ-000459 "Асылдандыру" ААҚ;
545-4 ЖМБ-001890 "Көгершін" ААҚ;
545-5 ЖМБ-010265 "Көктал" ААҚ;
545-6 ЖМБ-000073 "Меркі" асыл тұқымды
мал зауыты" ААҚ;
545-7 ЖМБ-001952 "Талас" ААҚ;
545-8 ЖМБ-000739 "Тоғызкент" ААҚ";
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 600-5-жолмен толықтырылсын:
"600-5 БҚО-000725 "Бірлік" асыл тұқымды
мал зауыты" ААҚ";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 168, 172, 173, 175, 178, 179-жолдар алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 193-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қоса беріліп отырған Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,