Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1246 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1246 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын: «16. «Қазақстан Республикасының Жалпы бастауыш, жалпы
Білім және ғылым негiзгi немесе жалпы орта
министрлігі білім; кәсiптiк, оның iшiнде
кәсiптер бойынша бастауыш
білім; кәсiптiк орта, кәсiптiк
жоғары, жоғары оқу
орнынан кейiнгi кәсiптiк,
оның iшiнде мамандықтар
бойынша білім беретiн заңды
тұлғалардың білім беру
қызметi, сондай-ақ мектепке
дейiнгi және мектептен тыс
ұйымдардың қызметi
білім беру ұйымдары үшiн
оқулықтар, оқу-әдiстемелiк
кешендер, электронды оқулықтар
мен қосымша оқу әдебиетiн басып
шығару жөніндегі қызмет»;
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш білім беретiн білiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Документ утратил силу