Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 мамыр № 621
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 мамыр № 621
Қазақстан Республикасының почта саласын оңалту, почта-жинақ жүйесін қалыптастыру және нығайту әрі "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-2-жолмен толықтырылсын:
"160-2. АЛА-003001 "Қазпочта" ААҚ".
2. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі