Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 469 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 469 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны қайта құру жолымен, жарғылық капиталда мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен «Қазақ энциклопедиясы» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) жарғыны бекіту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып баспа өнiмдерiн шығару белгiленсiн;
2) Әдiлет органдарында Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетiнiң, оның 33 пайызынан аспайтын мөлшердегi бөлiгiн сатуды жүзеге асырсын.
3. Қоғамға, акциялардың бiрiншi эмиссиясын толық орналастырғаннан кейiн жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың кейiнгi эмиссиясын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайтуға шаралар қабылдауға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екi апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне:
1) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiне арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға өкiлеттi тұлғаның кандидатурасы;
2) Қоғамның директорлар кеңесi мен ревизиялық комиссиясының құрамы;
3) Қоғам акцияларының қосымша эмиссияларын орналастыруды жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы топ жөніндегі ұсыныстарын берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесіндегі:
«Алматы қаласы» бөлiмiнде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-33-жолмен толықтырылсын:
«123-33. «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ.
3) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік үлестерінің тiзбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-6-жолмен толықтырылсын:
«224-6. «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,