Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бастауыш мектеп» басылымы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 459 қаулысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бастауыш
мектеп» басылымы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 459 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Бастауыш мектеп» Басылымы» мемлекеттік мекемесi «Бастауыш мектеп» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) жарғыны бекіту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi редакциялық, баспагерлiк, жарнамалық және ақпараттық қызметтер көрсету болып белгiленсiн;
2) Әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету мен пайдалану құқығы берілсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
«Алматы қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-41-жолмен толықтырылсын:
«123-41 «Бастауыш мектеп» ЖАҚ»;
2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 22-5-жолмен толықтырылсын:
«222-5. «Бастауыш мектеп» ЖАҚ»
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |