Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қазандағы № 1623 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қазандағы № 1623 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат);

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:

«Ақмола облысы» бөлiмi:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 68-6-жолмен толықтырылсын:

«68-6 СКО-000204 «Құлагер» ААҚ»;

«Алматы облысы» бөлiмi:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмірлері 198-15, 198-16-жолдармен толықтырылсын:

«198-15 АЛМ-000051 «Қастек батыр атындағы мемлекеттік асыл тұқымды мал зауыты» ААҚ»;

«198-16 АЛМ-000580 «Алматы» ААҚ»;

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшадағы:

«Алматы облысы» бөлiмiнде:

реттiк нөмiрлерi 23, 37-жолдар алынып тасталсын;

«Солтүстiк Қазақстан облысы» бөлiміндегі:

реттiк нөмiрi 278-жол алынып тасталсын;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне» бөлiміндегі:

реттiк нөмiрлерi 166, 167-жолдар алынып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесе отырып осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку