Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 949 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 949 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 сәуір № 370қ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының 2.14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар (лицензиялар) тізбесінде:

реттік нөмірі 12-жолдағы 2-бағандағы «Қазақстан Республикасының Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік-техникалық комиссиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі бір айлық мерзімде Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін әзірлесін және Үкіметтің бекітуіне енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку