«Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 447 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 447 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің жүз проценттік қатысуымен жабық акционерлік қоғамға қайта құру жолымен (бұдан әрі - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдар белгілеген тәртіппен:
1) «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы мүлікті Қоғамның жарғылық капиталына берсін;
2) Қоғамның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) ҚР Үкіметінің 2001.05.04. № 604 қаулысымен алып тасталды
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары