Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Мұнайгаз секторының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қаңтар № 113

Мұнайгаз секторының кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қаңтар № 113

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңдарда белгіленген тәртiппен:

1) "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы" мүлкiнiң (активтерiнiң) құрамынан "Мұнай Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің жарғылық капиталының 99 пайызы мөлшеріндегі "Мұнай Импекс" ЭИФ" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiнiң үлесiн бөлiп шығаруды;

2)

3)

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2),3)-тармақшалары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 
              2001.05.02. № 591 қаулысымен. 

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртiппен:

1) "Маңғыстаумұнайгаз" және "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамдарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтанаты Үкіметінiң арасында 1992 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған Кредиттiк келісім (бұдан әрi - Кредиттiк келісім) бойынша кредиторлық берешектi осы қоғамдардың өтеуiн, сондай-ақ көрсетілген қоғамдардың Кредиттiк келісім бойынша Оман Сұлтанаты Үкіметінiң алдындағы жалпы кредиторлық берешектегi үлестерiн белгілеудi көздейтiн шарттар жасассын;

2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және "Маңғыстаумұнайгаз" және "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамдарымен бiрлесiп екi ай мерзiмде банк пайыздарын ескере отырып қалған кредиторлық берешектi өтеудiң кестесiн әзiрлесiн және бекітсiн және осының негiзінде Оман Сұлтанаты Үкіметімен Кредиторлық келісімге тиiстi түзетуге қол қою үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдасын;

3) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бiрлесiп төртiншi тоқсанның қорытындылары бойынша осы қаулының атқарылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне толық ақпарат тапсырсын.

3. Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы № 410 қаулысында:

     көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:
     "Мұнай-Импекс ЭИФ" ЖШС"            100" деген жол алынып тасталсын;

2) "Республикалық меншiкте тұрған ұйымдарда акциялардың мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестердi иелену және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында;

көрсетiлген қаулыға қосымшада, "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" тарауында:

     реттiк нөмiрi 42-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.
 
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
             
                  
                            

Укажите название закладки

Создать новую папку