Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 231 қаулысы (1996.09.16. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мекемелерi
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995
жылғы 10 наурыздағы № 231 қаулысы

(1996.09.16. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң АҚШ долларымен төленетiн лауазымдық жалақылары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

Осы қаулыға сәйкес қызметкерлер үшiн енгiзiлiп отырған жалақы төленiп жүрген жалақыда аз болған жағдайларда, оларға Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi осы мекемесiнде сол лауазымда жұмыс iстеген уақытына жалақысының тиiстi айырмасы төленедi.

2. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Елшiнiң лауазымдық жалақысына "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қыркүйектегi № 867 қаулысының № 1 қосымшасында белгiленген проценттiк арақатынаста белгiленедi.

3. Қазақстан Республикасы Елшiлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақыларына дербес үстемелер 1995 жылдың 1 наурызынан бастап тоқтатылсын.

4. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнiң штат саны 361,75 бiрлiк болып белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы" № 946 қаулысының және 1994 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi аппаратының санын және оларды ұстауға арналған шығындары реттеу туралы" № 1023 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1995 жылғы 10 наурыздағы

№ 231 қаулысына

Қосымша

 

ҚР Үкіметінiң 1996.09.16. № 1122 қаулысымен қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi

 

Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi

Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң лауазымдық жалақылары

 

-------------------------------------------------------------------
 Қазақстан Республикасының Елшiлiгi мен        | Лауазымдық жалақы 
         Өкiлдiгiнiң атауы                     |
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы
Елшiлiгi                                               1200
Қазақстан Республикасының Беларусь 
Республикасындағы Елшiлiгi                              800
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшiлiгi          800
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы
Елшiлiгi                                                800
Қазақстан Республикасының Өзбекстан 
Республикасындағы Елшiлiгi                              800
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан
Республикасындағы Елшiлiгi                              800
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi
Елшiлiгi                                               2250
Қазақстан Республикасының Венгер Республикасындағы
Елшiлiгi                                               2000
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб
Республикасындағы Елшiлiгi                             1800
Қазақстан Республикасының Үндiстан
Республикасындағы Елшiлiгi                             1700 
Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам
Республикасындағы Елшiлiгi                             1900
Қазақстан Республикасының Қытай Халық
Республикасындағы Елшiлiгi                             2300   
Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар
Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi                       2500
Қазақстан Республикасының Пәкiстан Ислам
Республикасындағы Елшiлiгi                             1700
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшiлiгi            2500
Қазақстан Республикасының Түркия 
Республикасындағы Елшiлiгi                             2500
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Республикасындағы Елшiлiгi                             2500
Қазақстан Республикасының Француз 
Республикасындағы Елшiлiгi                             2500
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку