Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 желтоқсандағы № 1491 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы № 1491 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Көмiр өндiруге байланысты тау-кен өндiрiсiн пайдалануға берiлетiн лицензиялардың сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 5-шi жолы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«көмiр өндiру өндiрiсiн пайдалану»;
3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 7-шi жолындағы «өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн» деген сөздер» (көмiр өндiру өндiрiсiнен басқа)»деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Документ утратил силу