(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨШІП КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУІНІ...
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына («Егемен Қазақстан», 2020 ж. 28.01., № 18 (29747)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа