«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 25-VIІІ Заңы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай толықтыру енгізілсін:
30-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы «аудит жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 12 шілде
№ 25-VIІІ ҚРЗ