(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ТАҒАЙЫНДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕ...
Осы редакция 2018 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 бұйрығына
1-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.22.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.22.06. № 376 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.10.09. № 635 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.20.01. № 20 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.20.01. № 20 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 10 (он) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа