Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 Қаулысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:

1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырушылық, сараптамалық-талдамалық, әдіснамалық сүйемелдеу және оған қатысу;

2) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін қалыптастыру және оны ұйымдастырушылық, әдіснамалық сүйемелдеу;

3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, экономика, қаржы, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми, талдамалық және өзге де зерттеулер жүргізу, консультациялық (консалтингтік) қызметтерді көрсету;

4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, экономика, қаржы, мемлекеттік басқару саласында ақпараттық-талдамалық және сарапшылық қызметтер көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку