«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 593 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 593 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер» функционалдық кіші тобында:
240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 кіші бюджеттік бағдарламасы мен 001 бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
100 Мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа