«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 шілдедегі № 551 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 шілдедегі № 551 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«186) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 186-2), 186-3) және 186-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«186-2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінiң 85-2-бабына сәйкес мемлекеттiк органдарға қатысты кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
186-3) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
186-4) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарының нысанын, тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілердің нысандарын, тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысанын, мерзімдік, жоспардан тыс тексерудің және қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындының нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) реттеушілік әсерге талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
200-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа