«Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 Қаулысы (2020.30.03. берілген өзгерістермен)
Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 Қаулысы
(2020.30.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігі болуының бір заңды тұлғаның оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) қаржыландыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымды тұлғалары және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын басқа заңды тұлғаны қаржыландыратын заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы белгіленсін.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлғалардан бақылаудағы заңды тұлғаға бақылаудың болуын не оның болмауын айқындауға қажетті ақпаратты сұратады.
Демо – версия документа