Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 69 Қаулысы

 «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 69 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін күзетуді 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.

Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку