«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 139 бұйрығы
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 139 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сертификаттау талаптары әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайын және құқықтық қабілеттілігін көрсетеді.
Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде оны жою немесе шектеулер енгізу шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.»;
Демо – версия документа