«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 1081 бұйрығы
«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 1081 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 29 шілдедегі № 108 (1924)) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ӘҚҚ қызметтерінің мамандары аэронавигациялық ұйымның басшысы бекіткен, ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен жұмыс технологияларын басшылыққа алады.
ӘҚҚ жүзеге асыратын диспетчерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әрбір диспетчерлік пункт үшін әзірленеді.
ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің жұмыс технологиялары әрбір диспетчерлік пункт (сектор) үшін әзірленеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ӘҚҚ органдарындағы сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен ±30 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс. Деректерді тарату желісін қолданған жағдайда, сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен 1 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс.
Демо – версия документа