«Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 223 бұйрығы (күші жойылды)
«Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 223 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 599 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жобаларды іріктеудің қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12965 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобаларды іріктеу өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің банк есепшотындағы (картотеканың болмауы туралы) және кредит тарихында болатын толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредит бюросынан алынған кредиттік есеп бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсететін банктің үзінді жазбасымен расталған банк кредиттері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің болмауы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа