«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 Қаулысы (күші жойылды)
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі:
мынадай мазмұндағы «2-1. Заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу тәртібі» деген тараумен толықтырылсын:
«3-1. Ұйымдардың өздеріне заңнамада жүктелген және олардың жарғыларында (ережелерінде) көзделген азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншігін қорғау бойынша, қоршаған орта объектілері мен табиғи ресурстарды, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы хат-хабарларды күзету бойынша жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған қару мен оның патрондары жеткізуші заңды тұлғалардан ішкі істер органдарында оны сатып алуға рұқсат алған соң сатып алынуы мүмкін.
3-2. Заңды тұлғаға қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсатты ресімдеу үшін мыналар болуы қажет:
1) мыналарды:
Документ утратил силу
Демо – версия документа