(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ,...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы
келісім
(2009.03.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.03.11. қосымша келісімімен мәтінде «студенттерге», «студентке», «студенттің», «студенттердің», «студенттен», «студенттер», «студент» деген сөздер «және/немесе магистранттарға», «және/немесе магистрантқа», «және/немесе магистранттың», «және/немесе магистранттардың», «және/немесе магистранттан», «және/немесе магистранттар», «және/немесе магистрант» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын ________________ тұлғасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, _______________ тұлғасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрліктер)
___________________ негізінде әрекет ететін _________________________ тұлғасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын назарға ала отырып төмендегілер туралы осы Келісімді жасады.
2009.03.11. қосымша келісімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Банк-агент - осы Келісімді іске асыру үшін Қор белгілеген шарттарда студенттерге және/немесе магистранттарға кредит беруді жүзеге асыру үшін Қор айқындайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері.
Редакция документа
Демо – версия документа