«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 97 Қаулысы
«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 97 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа