«Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 189-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 189-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемориалдық тақталар орнату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемориалдық тақталар орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемориалдық тақталар орнату тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның 10 жылдан астам ғимаратта немесе құрылыста тұру, жұмыс істеу, болу және онда болған айрықша оқиға фактісі расталған кезде орнатылады.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа