(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДIКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРДЫ ТIРКЕУ ЖӘН...
Осы редакция 2018 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
1-қосымша
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған.
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебіне қою не дәлелді бас тарту болып табылады, беруден бас тартуға негіз «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында көзделген.
Редакция документа
Демо – версия документа