«Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 40 Қаулысы
«Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 40 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
5-қосымшаға сәйкес Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттардың болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді:
1) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;
2) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;
3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылға бағытталған рәсімдерді;
5) орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдде қайшылықтарын басқару рәсімі;
6) орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың өз мүдделері үшін оларды пайдалануларын болдырмауға бағытталған коммерциялық және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мәліметтерді (бұдан әрі – конфиденциалды ақпарат) сақтауды қамтамасыз ету рәсімдері;
Демо – версия документа