(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТ...
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы
(2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.01. № 68 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016.30.12. № 1142 бұйрығымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.04.07. № 190 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.25.12. № 446 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»;
Редакция документа
Демо – версия документа