Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжeciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 34 Қаулысы (күші жойылды)

 «Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжeciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 34 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру қағидалары бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекiтілген Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciнде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидалары»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрі – тіркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку