«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 339 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 339 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ережеде:
16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Орталық аппараттың функциялары:
1) денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
4) денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру және айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру, медициналық ғылым тұжырымдамасын әзірлеу;
5) жетекшілік ететін қызмет салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Документ утратил силу
Демо – версия документа