Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 278 бұйрығы

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 278 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары:

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі осы қағидалардың 4-1-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

«4-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі.

23-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына тиісті саланың уәкілетті органы ашық конкурс жариялайды.

23-2. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

2) конкурс өткізу шарттарын, уақыты мен орнын белгілейді;

3) Республикалық конкурстық комиссияны (бұдан әрі Республикалық комиссия) қалыптасырады.

23-3. Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде жеті адамды құрайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку