«Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 682 бұйрығы (күші жойылды)
«Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 682 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен2019 ж. 1 сәуірден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10314 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар жеке және заңды тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін айқындайды.
Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүзеге асыратын тұлға жеткізуші болып табылады (бұдан әрі - жеткізуші).
Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып табылады (бұдан әрі - алушы).
3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізген кезде жеткізушілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа