«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығы
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған») мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын:
4 - тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;
қоғамдық жұмыстардан қасақана жалтарған жағдайда қоғамдық жұмыстарға тартуды қамауға алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы;
бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы;
еңбекке қабілеттігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату туралы;
қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынып жүрген және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;
бас бостандығын шектеуге және түзеу жұмыстарына сотталғандарды жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату туралы;
шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы;
бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы;
қамауда ұсталған мерзiмді есепке алу туралы;
жазаны орындауды кейінге қалдырудыжою туралы;
Демо – версия документа