«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 859 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 859 бұйрығы
БҰЙРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтын 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрi - Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Отандық тасымалдаушы шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімді берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрі (класы) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы мәліметті жібереді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа