«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 3-қосымша) (2017.31.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.31.05. № 256 бұйрығымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.12.05. № 196 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2017.31.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызметі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды өткізген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) заңды тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
Документ утратил силу
Демо – версия документа