Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒ...

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелерi туралы“ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 120000000 (бір жүз жиырма миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоғам сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламаларын iске асыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөнiндегі қызметтердi көрсетуші болып белгіленсiн.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку