Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 687 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:

6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік саяси қызметшілерге және «А» корпусының қызметшілеріне, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі - «Б» корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді.»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, сонымен қатар өзге мемлекеттік органдардың В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, D-O-1, D-O-2 және Е-1 санаттарындағы «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген «Б» корпусы қызметшілерінің ротациясы олардың соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күнінен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылымы не лауазымдардың атауы өзгергеннен кейін «Б» корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін, бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежедегі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта басталмайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку