«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 493 Қаулысы (2018.29.12. берілген өзгерістермен)
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 493 Қаулысы
(2018.29.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы оған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Демо – версия документа