Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 19 қарашадағы № 380 бұйрығы

 «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 19 қарашадағы № 380 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі - ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі - ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалауды жүзеге асыру жөнінде ДМҰ талаптарын іске асыру үшін АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті аттестатауды бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін аттестатауды (тексеруді) бағалайды.

Осы әдістеме метеорологиялық өкілетті органмен келісіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку