(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫН КУӘЛАН...
Осы редакция 2020 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 727 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығының тіркеу
куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық
кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау
қағидалары
(2015.09.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.09.12. № 1183 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) -криптографиялық қайта құрудың алгоритмдерін, кілттерді құрастыруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды жүзеге асыратын құрал;
2) кері қайтарып алынған тіркеу куәлігі - қолданысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тоқтатылған, МО КО берген тіркеу куәлігі;
3) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі - ҚТКТ) - әрекеті тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, қайтарылған күні және себебі туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
Редакция документа
Демо – версия документа