«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 28 мамырдағы № 122 бұйрығы
«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 28 мамырдағы № 122 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тәрбиеленушілерді мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары) жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген балаларды Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) желілік мектептер - орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;»;
Демо – версия документа