«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 27 Қаулысы (2016.30.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 27 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
53-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53-8. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар), банктің ішкі міндеттемелері, реттелген борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және банк шығарған борыштық бағалы қағаздар ескеріле отырып есептелген ішкі активтердің орташа айлық шамалары банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа