«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына 2-қосымша) (2018.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.26.02. № 152 бұйрығымен мемлекеттік қызметті көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
(2018.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.29.08. № 800 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі - МБЗТ) тағайындау рәсімін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.04.10. № 328 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Документ утратил силу
Демо – версия документа